Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Көркемөнер галереясында «Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі домбыраны дәріптеген Н.Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінің оркестрі көрмеге келушілердің көңілінен шығып, мәдени шараны сүйемелдеп отырды.
Шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаев, мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі, жазушы Серік Әбікенұлы Сарыбай және жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының жастар ісі жөніндегі орынбасары Бейбіт Сарыбай қатысып кітап жәрмеңкесінің маңызына тоқталып өтті.
Әдебиет сүйер қауым үшін шара барысында жазушы, журналист Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мәдениет саласының үздігі кітап авторы Қанат Тілеуханның «Шатырдағы әйел» кітабының тұсауы кесілді.
Жәрмеңкеге келген қонақтарға «Жақұт меке...
|